Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам

Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам Ғалымдар 4 жыл уақытын жұмсаған жаңа технология – бүгінгі ғаламтор желісін таратқыш Wi-Fi-дың баламасы. Li-Fi технологиясы жылдамдық жағынан бүгінгі Wi-Fi-дан асып түсетін болады. Ол ақпаратты LED-жарықты диодтар көмегімен таратады. Олар наносекундтар деңгейінде жанып тұрып, жұмыс істейді.
2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғары жылдамдық – секундына 224 Гб-қа қол жеткізген еді. Бірақ үй ішінде пайдаланған кезде ол ықшам құралдар арқылы бұл көрсеткішті секундына 1 Гб-қа дейін азайтты. Сондай-ақ Wi-Fi-мен салыстырғанда Li-Fi ақпаратты қабырға арқылы өткізіп тарата алмайды. Десек те, осының арқасында өзгенің ғаламтор желісін бұзып кіру мүмкін болмайды.
Мақала www.akjolgazet.kz сайтынан алынды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2017 г. 468 0