Кәсіби жауапкершілік

Бүгін Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде Қазақстан журналистер Одағының облыстық филиалы алқа отырысын өткізді.
Филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев өз сөзінде, соңғы үш жылда Одақ мүшелерінің қатары 42 адаммен толықтырылды, аға буын 4 қаламгерге "Қазақстанның Құрметті журналисі" атағы берілді. Бүгінде бірқатар көшелерді өмірден өткен көрнекті журналистердің атымен атау мәселелері пысықталып жатқанын айта кетті.
Алқа отырысына қатысушылар журналистік қызметке қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әсіресе, базбір журналистердің кәсіби жауапкершілігіне қатысты белең алып бара жатқан күрделі жағдайлар өткір қозғалды. «Бірдің кесірі, жалпы әріптеске жақсы ат әкелмейтіні рас. Сондықтан, кәсіби жауапкершілікке қатысты түйінді мәселелерді ортақ талқыға салу керек. Бұл бойынша арнайы басқосулар өткізген жөн», дегенге уағдаласты алқа мүшелері.
Сонымен қатар басқосуда ақпараттық кеңістіктің жаңа сұраныстарына лайықты қызмет ету, Елбасы Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды, маңызды басымдықтарды, аймақта атқарылып жатқан іс-шараларды халыққа жеткізудегі жұмысты жетілдіре түсу бағыттары сөз болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2017 г. 1 056 0