“Қамқорлық” акциясы шеңберінде

“Қамқорлық” акциясы шеңберіндеЖалағаш ауданының Далдабай ауылындағы №115 мектепте "Қамқорлық” акциясы өтті. 10 қаңтар-10 ақпан аралығын қамтыған акцияның түпкі мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету.
Акцияның мақсат-міндетіне сай біздің мектепте де іс-шара жоспары жасақталды. Шара барысында сынып жетекшілері мен психолог маман бірлесіп семинар-тренинг, дөңгелек үстелдер өткізді. 10 оқушыға қажетті оқу-құралдары үлестірілді. Мектеп қабырғасында жүрекке жылу сыйлайтын игі істер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Айта кетейік, қазір аталған акция республика бойынша бір оқу жылында үш рет, тамыз-қыркүйек, қаңтар-ақпан, наурыз-сәуір айында өткізіліп келеді.

А.ТЕЛЕШОВА, 
№115 мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі.
С.МАНАСБАЕВА,
мектеп психологы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2017 г. 956 0