Сыр имамдары Жолдауға қолдау білдірді

Сыр имамдары Жолдауға қолдау білдірдіОрталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Елбасы Жолдауы – жарқын болашақ пен ынтымақ, бірліктің кепілі» атты Елбасы Жолдауына қолдау білдіру мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров, облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері бөлімінің маманы Ерсұлтан Есов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары Маралбек Мұсаев қатысты. Шараға қатысқан барлық қала және аудан, ауылдық округ мешіттерінің бас имамдарына Елбасы Жолдауының негізгі мақсаты мен аталған басым бағыттар түсіндірілді.
Ел бірлігі мен дінаралық татулықты сақтаудың маңыздылығы, діни экстремизм құбылыстарымен күресудің қажеттілігін Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендігі де айтылды.
Елбасы Жолдауында: «Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек» деп айтылған.
Осы және басқа да Жолдау міндеттеген мақсаттар, басым бағыттар мен алға қойған жоспарлар турасында кеңінен сөз болды. Шарада сөз алған имамдар өз қолдауларын білдіріп, пікірлерін жеткізді.
 
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
Сыр имамдары Жолдауға қолдау білдірді
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 ақпан 2017 г. 547 0