
Бүгінде Азаматтарға арналған Үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді бола түсті. Жаңа қызметтердің басым бөлігін ҚР Ауылшаруашылығы, Ұлттық экономика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрайды.
Мәселен, мемлекеттік корпорацияда ауылшаруашылық өнімдерін өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялау, АӨК (агроөнеркәсіп кешені) саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомство ішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық визалар алуға қолдаухат беруді рәсімдеуге болады.
Бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр. Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеттілігі жоқ. Демек, аталған қызметтерді ХҚКО-дан аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз алуға болады.
Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездері азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан бастап аймақта 400 мыңнан астам адам уақытша тіркеуден өткен.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.