Ғалымдардың айтуынша, көк шайда қарапайым халық біле бермейтін пайдалы заттар өте көп. Мысалы, көшпенділердің сүйікті сусыны онкологиялық аурудың алдын алады екен. Бұл туралы Экспресс К басылымы жазды.
Вашингтон ғылыми зерттеу институты көк шайдың пайдасын зерттеуді қолға алды. Шайдың құрамында рак талшықтарын өлтіретін антиоксиданттар бар екен. Шай жапырағында табиғи түрде кездесетін эпигаллюкатехин галлат онкологиялық ауруды емдеуде таптырмас дауа көрінеді. Бұдан бөлек көк шай ми клеткаларының жұмысын жақсартады. Көк шай сусынын көп тұтыну арқылы Альцгемер ауруын емдеп жазуға болады.
Сондай-ақ америкалық ғалымдарды Ұлы Жібек жолының бойындағы халықтардың көк шайды демдеу әдісі таңғалдырған. Ғалымдар көк шайды қымыз бен шұбаттан кейін ішу оның құрамындағы емдік, адам ағзасына пайдалы заттарды арттыра түседі деген сенімде.