Димашты «Америка дауысына» шақырды

Димашты «Америка дауысына» шақырдыҚытайдағы «I am a singer» xалықаралық байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, Димаш Құдайбергеннің АҚШ-тың «The Voice» - «Америка дауысы» конкурсына қатысатыны я қатыспайтыны әлі белгісіз, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Иә, Америкаға бізді шақырды. Қазір көріп тұрсыздар, уақыт болмай жатыр. Қытайдағы конкурстың төрт кезеңінен өттік, алда әлі он байқау бар. Соның дайындығы жүріп жатқаннан кейін, оған келісімді толығымен бере алмаймыз. Біз әлі нақты білмейміз, оған қатысамыз ба, жоқ па. Себебі, дәл қазір бізде уақыт жоқ. «Америка дауысына» шақыру былтыр да түсті, биыл да түсті. Қытайға қатысып жатқаннан кейін де түсті. Негізі, қазір көп бағдарламалар бойынша шақырулар келіп жатыр», - деді Шәрімов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.
Айта кетейік, күні кеше Астанада өткен шаралардың бірінде Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева Димаш Құдайбергеннің «Америка дауысына» қатысатыны жайында айтты. «Біздің екінші курс студентіміз - Димаш Құдайбергеннің Қытайда ел намысын қорғап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Бұған дейін ол «Жас қанатта», одан кейін «Славян базарында» жеңімпаз атанған. Қазір Қытайдағы xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындап жатырмыз. Сосын ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін ол Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақыру алды», - деді Мұсақожаева. Бүгін ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген университет ректоры Димаштың екінші курста емес, үшінші курста оқитынын нақтылап берді. «Енді, бізде студент көп қой. Бәрін бірдей есте сақтау оңай емес», - дейді Мұсақожаева.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 565 0