Ой-пікірлерін ортаға салды

Ой-пікірлерін ортаға салдыКеше достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы жастар қанатының отырысы және семинар-тренинг болып өтті, деп хабарлады облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.
Жастар қанатының отырысын «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Г.Сәрсенбай жүргізді. Жастар арасындағы этносаралық достық пен татулықты күшейту, беріктілікті нығайту мақсатында өткізілген шарада қатысушылар Елбасының жақында жариялаған Жолдауына байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұнан соң, этносаралық татулық пен толеранттылық тақырыбында KZOVOL тренингі өтті. Оны «Перекресток» қоғамдық қорының еріктісі Э.Шафигуллина жүргізді. Ал, әлеуметтік желілердің жас жеткіншектерге кері әсері мен жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары тұралы теолог, «Ақиқат» қоғамдық қорының төрағасы М.Нұржанов өз ұсынысын білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 942 0