Сақтық шараларына мән бере бастаған

Сақтық шараларына мән бере бастағанӨнімдердің қауіпсіздігіне тұрақты бақылау жүргізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рзақұл Нұртаев мәлімдеді. Оның ішінде тағам өнімдері, ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдер, парфюмерлі-косметикалық өнімдер, тұрмыстық химия заттары, құрылыс материалдары тағы басқалары бар.
– Бақылау нәтижесімен Қармақшыда «Балалар әлемі», Жаңақорғанда «Магнит», Қызылорда қаласындағы «Ай-Ару», «Жайна» СҮ, «Аян» дүкенінен сатып алынған балаларға арналған киімдердің техникалық регламенттердің талаптарына сай келмеуіне байланысты, материалдар әкімшілік сотқа жолданып, қызметі бір айға тоқтатылды, – деді ол.
Өткен жылы жалпы эпидемиялық ахуал тұрақты болып қалыптасты. Жұқпалы аурулардың 15 түрі бойынша аурушаңдық көрсеткішінің төмендеуі орын алды, оның ішінде қызылша, дизентерия, бруцелез, өкпе ауруы, эхинококкоз, қышыма, ботулизм бар.
Ал Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан 100 қолайсыз мекендерінде көктемде және күзде қолайсыз елді мекендердегі мал басын, мал қоралары мен буферлік аймақтарды кенеге қарсы өңдеу жүргізілді. Кене шағумен медициналық көмекке жүгіну көрсеткіштері 1,7 пайызға артты. Демек осы көрсеткіш арқылы тұрғындар арасында сақтық шараларына мән беру артқан. Конго-Қырым безгегіне 17 күдікті тіркеліп, бесеуі клиникалық-зертханалық түрде нақтыланған.

Шынар БЕКБАН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2017 г. 682 0