Қызылорда. Былтыр облыс бойынша ұқсатудан кейінгі салмақта 295,1 мың тонна дәнді дақыл жиналды, оның 97,8 пайызын күріш құрайды. Бұл жайында облыстық статистика департаменті хабарлайды.
Ашық топырақта өсірілген 107,9 мың тонна көкөніс, 124,1 мың тонна картоп және 155,4 мың тонна бақша дақылдары жиналды. Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі Жалағаш (жалпы түсімнің 25,5 пайызы) және Сырдария (24,8 пайыз) аудандарында өсірілген. Ал ашық топырақта өсірілген көкөністер ең көп бөлігі Шиелі мен Жалағаш аудандарының үлесіне тиеді. Оларда иісінше 19,9 және 16,0 пайызды маңайлайды. Ал картоптың басым бөлігі, яғни, 23,3 пайызы Шиеліде егілсе, одан кейінгі орында Сырдария 22,5 пайызды еншілейді. Бақша дақылдары егісінен де Шиелі алдыңғы орында келеді, үлесі салмағы 27,3 пайызды шамалайды. Ол Жаңақорғанда 19,0 пайызды құрайды.
Дәнді дақылдардың жартысынан көбін ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егіп, қамбаға жинап алған. Ал ашық топырақта өсірілген көкөністер, картоп және бақша дақылдары жұртшылық шаруашылықтарында жиналды, олар сәйкесінше 97,7, 97,9, 87,7 пайызды маңайлайды.