Серпіліс әкелген маңызды құжат

Серпіліс әкелген маңызды құжатПрезидентіміздің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекетіміздің жаңа жағдайдағы қайта жаңғыру бағдарламасын жариялап, елді жұдырықтай жұмыла еңбек етуге, білім алып, ізденісті жұмыс жасауға шақырды. Бұл маңызды құжатпен жете танысып, теледидар арқылы хабардар болған шеткі аймақ адамдары да бұл күндері үлкен серпіліс үстінде. Өйткені, көкейді мазалаған сан сұрақтың жауабы мен күрделі мәселелердің шешімі онда айқын айтылып, жарқын жоба көрсетілген.
2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды. Бұл үлкен жетістік! Біз әрдайым алдымызға биік меже қоямыз әрі оған Мемлекет басшысының мемлекеттік басым ресурстарға басты назарды аударатыны көмектеседі. Еліміз аса маңызды шешім – саяси жүйені жаңғырту мен экономикалық қайта құруларды бір мезетте жүзеге асыратындығығы маңызды құжатта көрсетілген, ол әрине, елдің бірліігі мен ізденісі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте өзіміз мекен ететін Жаңақорған ауданында оңды істер жетерлік, өзім еңбек ардагері болсам да белсінді шаруалардың бел ортасында жүремін, мал шараушылығын дамыту мен қатар түрлі маңызы зор ғимараттардың сапалы салынуына бақылаушы ретінде үлес қостым деп есептеймін.
Президенттің инновацияларға басымдық беретініне шынайы қуаныштымын. Бұл экономиканың ең перспективалы саласы болып табылады. Мемлекет басшысының саяси жігерінің арқасында Қазақстанда жаңа серпіліс беретін жобалар пайда болатыны айқын деп ойлаймын.
Жолдаудың елді ұйыстырып,  дамуына серпіліс берері сөзсіз.

Алшынбай ТҰРТАНОВ,
ҚР Еңбегі сіңген құрлысшы,
Жаңақорған ауданы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 611 0