
Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2017 жылдың 6-20 ақпан аралығында қала орталығындағы 44 орта мектептің 8 және 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарымен кездесу жиынын өткізуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз беймезгіл уақытта жүруін тоқтату, өзге де заң бұзушылық әрекеттерге баруының алдын алу, қылмыстың объектісі немесе субъектісі болуының жолын кесу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ердаулет Жаукеев және Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы ағымдағы жылдың 6 ақпан күні Қызылорда қаласы орталығындағы №278, 264, 2, 136 орта мектептерде, 7 ақпан күні №211, 5, 6, 15, «Кешкі мектеп» оқушыларына арнап кәмелетке толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы баяндама жасап, арнайы әзірленген ауыр қылмыс жасап түрмеге түскен мектеп оқушысы туралы бейнеролик көрсетті. Шараға 1200-ге жуық оқушылар және олардың ата-аналары, мектеп ұстаздары қатысты.
Бұл бағыттағы жұмыстар барлық білім беру ұйымдарында кестеге сәйкес жалғасуда.