Елбасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевті қабылдады

Елбасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевті қабылдады Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Сағадиев Президентке министрліктің 2016 жылдағы жұмысының қорытындысы бойынша есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы реформалар мен Жолдауда көрсетілген басты міндеттерді іске асыруда еліміздің білім жүйесі мен ғылымның маңыздылығын ерекше атап өтті.
– Біз отандық және шетелдік озық оқу орындарында кадрлар дайындадық. Енді үш тілді оқыту жүйесі мен сандық білім беруге көшіп жатырмыз. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің алдында саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар міндет тұр, – деді Мемлекет басшысы.
Ал Ерлан Сағадиев министрлік базалық оқулықтарды дайындап, бес күндік білім беруге әзірленіп жатқанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма берді, деп жазады www.24.kz.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 602 0