Билік баршаға бірдей мәнге ие болуы тиіс

Билік баршаға бірдей мәнге ие болуы тиісЕндігі уақытта тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекетімізді мығымдаудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сондықтан да, Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жария еткені бәрімізге белгілі. Бұл кезеңде билік тармақтарының атқарар міндеттеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін өмірдің өзі алға тартуда. Өйткені биліктің басты міндеті - қоғам, мемлекет пен жеке адамның мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Байқадамов Наурызбай осылай дейді, деп хабарлады "ҚазАқпарат".
«Жалпы экономикалық реформалар мен саяси реформалардың арасын тым алшақтатуға болмайтынын мойындағанымыз жөн. «Алдымен экономика» ұстанымы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Соның нәтижесінде халықтың әл-ауқаты өсіп, экономика тұрақталды. Ендігі жерде билік жүйесі тұйықталған сайын ішкі тұрақтылығымызға сына қағуға дайын тұратындар бар екенін де ұмытпағанымыз дұрыс. Конституцияға сәйкес, халықты билікке пайымды араластыра алмауды бүгінгі технология уақыты кешірмеуі ықтимал. Олай болса, Президенттің басқару жүйесін сақтай отырып, Президент, Парламент, Үкімет және өзге органдар арасындағы өзара қарым-қатынасты бүгінгі қоғам үрдісіне сәйкестендірудің уақыты келді», - деді Н. Байқадамов.
Оның айтуынша, Президенттің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларды бекітуді Үкіметтің құзырына жатқызу арқылы олардың ел алдындағы жауапкершілігін арттырамыз. Өйткені, осы уақытқа дейінгі Президенттің күшті билігі, екінші жағынан, оның көтерер міндетін де ауырлатты. Үкіметтің кейбір сәтсіз реформаларының да жауапкершілігін Президенттің өзіне көтеруге тура келді.
«Үкіметтегі кадрлық өзгерістер мен жаңа басқару органдарын құруға өкілді биліктің тікелей араласуы демократиялық принциптердің нығая түсуіне мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару жүйесіне де серпіліс жасап, халық билігінің негізгі формасы болып табылатын - мәслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ролін арттырады деп сенеміз. Елбасы ұсынысымен басталған мемлекеттік билік тармақтарындағы өзара өкілеттілікті береді деп күтеміз», - деп атап өтті Наурызбай Байқадамов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 637 0