2,5 мың отбасы көгілдір отын пайдаланып отыр

2,5 мың отбасы көгілдір отын пайдаланып отырҚазалы ауданында «Әйтеке би кентіне жүргізілетін газ құбырларының және кварталішілік газ құбыры құрылысы» жобасына сәйкес барлық ұзындығы 382,4 шақырым болатын газ құбырлары жүргізілген болатын.
Аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгінгі күнге  2515 үйге газ монтаж жұмыстары жүргізілді. Кредиттік жүйе мүмкіндігін 43 адам пайдаланған. 
Ал 95 мекеме газ құбырына қосылуға тиісті құжаттарын тапсырып, техникалық шарттарын алды. Осы нысандардың 7-уін (4 мектеп, 3 балабақша) табиғи газға қосу үшін 2017 жылға  бюджеттен 69,4 млн теңге бөлінді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 592 0