Ақпараттық-насихаттық топ Қазалыда

Ақпараттық-насихаттық топ Қазалыда Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі мен Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топ Қазалы халқымен кездесті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов ашып, жүргізіп отырған кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.Айсина, М.Махамбетов, А.Смағұлов, А.Ералиев және Н.Жұмаділдаева қатысты. 
Халық қалаулылары басқосуда Елбасы Жолдауының жан-жақтылығын, өз кезегінде аталған маңызды құжат ел өмірінде ірі оқиға болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының әсіресе, әлеуметтік-экономикалық салаға ерекше басымдық беріп отырғанын айтты.   
Айта кетейік, депутаттар бүгінгі кездесуде ауданның бірқатар білім саласының қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыс етті. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 582 0