Түрмедегілер саны азаюда

Түрмедегілер саны азаюдаӨткен жылы облыс соттарына 37371 іс түскен. Олар бойынша шығарылған үкімдердің 52-сі бұзылған. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбет хабарлады. 
Өткен жылы жергілікті соттарға 1727 қылмыстық іс түсіп, осы аралықта 726 адамға қатысты 617 іс өндірістен қысқартылған. Бақытжан Мүсілімбекұлы бүгінгі таңда медиция тәртібімен қысқартылған істер саны көбейгендігін, сондай-ақ, аймақта медиация кабинеттерінің саны артқандығын жеткізді. Нақтыласақ, медиация тәртібімен 335 қылмыстық және 485 азаматтық, 86 әкімшілік іс, парсипативтік рәсім қолданылып 14 азаматтық іс қаралған.
Сондай-ақ, брифингте облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Ғанибек Отарбаев өз деректерімен бөлісті. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан түрмедегілердің саны жөнінен 100 адамға шаққанда 62 орында. Бұл жүргізілген тың реформалардың жемісі. Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған рақымшылық Заңы да өз септігін тигізуде. Облыста осы Заң аясында түзеу мекемелеріндегі 152 сотталған бостандыққа шықпақ.

Н.ТАСТЕМІР. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 585 0