Өткен жылы Қазалы ауданының елді мекендерінде 28,3 млн теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, биыл бұл жұмыстарға бюджеттен 27,5 млн теңге қаралып отыр, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Оның ішінде:
- Көларық ауылдық округіндегі Дінісламов, Аманкелді, Жеңістің 40 жылдығы, Б.Мәшенбаев көшелерін жарықтандыруға - 6,5 млн теңге;
- Бірлік ауылдық округіндегі Тәуелсіздік, Рамберді ишан көшесінің батыс беткейін жарықтандыруға - 3,0 млн. теңге;
- Шәкен ауылдық округіндегі Шәкен көшесін жарықтандыруға - 4 млн.теңге;
- Сарыбұлақ ауылдық округінің көшелерін жарықтандыруға - 5 млн теңге;
- Құмжиек ауылдық округіндегі Ізтлеуов, Ақжігітов, Ізтілеуов тұйығы көшелерін жарықтандыруға 9 млн теңге.