
Облыс аумағында жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту шеңберінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойынан қызмет көрсету нысандарының құрылысы үшін 37 орын белгіленді, - деп жазады "Кызылорда ньюс" сайты.
Осыған дейін он алты нысан пайдалануға берілсе, 2017 жылдың аяғына дейін тағы 20 нысанды салып бітіру жоспарлануда. Жалпы жарты әлемді жалғаған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында қызмет көрсету нысандарының қызметін реттеумен арнайы жұмыс тобы тұрақты айналысады.