2020 жылға қарай Қытайда халық саны 1,42 млрд адамға жетеді. Бұл - Денсаулық сақтау және жоспарлы бала туу ісі бойынша ұлттық комитеттің мақсаты, - деп хабарлайды "Қазақпарат" "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
Аталмыш мәлімет 13-ші бесжылдықтағы жоспарлы бала туу мәселесі бойынша жалпықытайлық дамыту жоспарында жарияланған. Қытайдың жоспарлы бала тууы бойынша 12-ші бесжылдыққа арналған негізгі мақсаттары мен тапсырмалары табысты жүзеге асқан. Жаңа туылған сәбилердің жыныстық айырмашылығы 117,9-дан 113,51-ге төмендеген. 2015 жылы Қытайдың халық саны 1,375 млрд адамды құраған.