Елбасы Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойдыҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Елбасы Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда,
2017 жылғы 6 ақпан
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 539 0