Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирден көре аласыз

Қысқы Универсиаданың жабылу салтанатын тікелей эфирден көре аласызБүгін Алматыда өтіп жатқан 28- қысқы Универсиада ойындары өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осыған орай Қысқы Универсиаданың салтанатты жабылу рәсімін кешкі сағат 19:00-де «Хабар», «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Универсиада ойындарының жабылу салтанаты «Алматы -Арена» стадионында 1,5 сағатқа созылады. Көрермендер қызықты оқиғаларға толы шоу-бағдарламаларды тамашалайтын болады. Сондай-ақ, аталмыш шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады. Жабылу салтанатындағы қызықты сәттердің бірі - келесі Универсиада ойындарының эфстафетасын қабылдап алатын Красноярск қаласының «визиттік картасы» болмақ. Осы елеулі оқиғаға байланысты, шараға Красноярск қаласының басшылығы мен шығармашылық тобынан тұратын делегация қатысады. Жабылу салтанатының шарықтау шегі - FISU жалауын келесі форум астанасы - Красноярск қаласына беру сәті болмақ. Көрініс жастар ұйымшылдығы мен Қазақстан халқы бірлігінің жарқын символына айналады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2017 г. 569 0