
Бүгін Қызылорда облысының Әділет департаменті, Қызылорда қалалық Жастар ресурстық орталығының және Қызылорда қалалық «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін ақпараттық сүйемелдеу және халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында «Қазақтелеком» АҚ Қызылорда филиалының ұжымен кездесу өткізді.
Жиын барысында Елбасы үндеуін насихаттау, оған қолдау көрсету, жалпыхалықтық талқылауға салынған реформаларға белсенділік таныту мәселелеріне де назар аударылып, Үндеу мен Жолдаудың басым бағыттары түсіндіріліп, насихатталды.