Арал ауданында 8 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады

Арал ауданында 8 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысадыАрал ауданында мал басын өсірумен қатар, оны асылдандыру ісіне де аса мән беріліп, қазіргі таңда, ауданда барлығы 8 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысуда. Бұл туралы бүгінгі Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі М.Оразбаев мәлімдеді.
– 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Арал Ырысы» несие серіктестігі арқылы 5 шаруашылық 24,7 млн. теңге көлемінде несие алып, 143 бас аналық сиыр, 8 бас бұқа сатып алды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 9 шаруашылық 14,1 млн. теңге несиеге қол жеткізіп, 510 бас қой мен 27 бас асыл тұқымды қошқар сатып алған. «Құлан» бағдарламасы бойынша 9 шаруашылық 48,3 млн. теңге несие алып, нәтижесінде 170 бас бие, 18 бас асыл тұқымды айғыр сатып алуға қол жеткізді, – деді ол.
Ауылшаруашылығы құрылымдарын ірілендіру мақсатында ауданда 18 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды. Октябрь ауылдық округінің 3 шаруа қожалығынан құралған «Шижаға-16» ӨК сүт өнімдерін жинау мен өткізуге 2 танкер, 1 сүт таситын арнайы автокөлік сатып алу үшін 15,0 млн. теңгенің жобасын іске асыруға «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыс жасап, қазіргі  таңда 6,5 млн теңге несие алып отыр. Ал, «Бекбауыл» ӨК Бекбауыл елді мекенінде балық аулап отырған қожалықтардың басын біріктіріп, балықты бір жерден өңдеп, өткізу ісін жолға қоюға бағытталған құны 10,0 млн. теңгенің жобасын қаржыландыру жұмыстарын жүргізуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2017 г. 947 0