Аралда 17 өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда

Аралда 17 өндіріс орнын іске қосу жоспарланудаБүгін Арал ауданының әкімі М.Оразбаев Өңірлік коммуникация орталығында ауданның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап және алдағы атқарылатын міндеттері туралы баспасөз конференциясын өткізді.
Брифинг барысында ауданның инвестиция, индустриялық-инновациялық дамуы, шағын және орта бизнес, ауылшаруашылығы, балық шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары мәселелері, құрылыс, инфрақұрылым, оның ішінде жол жөндеу, газдандыру жөнінде және жұмыспен қамту мәселелеріне кеңінен тоқталды.
– Аудан экономикасын әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 17 өндіріс орнын іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде «Кальцийлендірілген сода өндірісі» жобасы үстіміздегі жылы басталады деп жоспарлануда, – деді аудан әкімі.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2017 г. 639 0