Коалиция өкілдері Сыр халқына өз Үндеуін жариялады

Коалиция өкілдері Сыр халқына өз Үндеуін жарияладыҚызылордалық коалиция өкілдері елімізде жүргізілгелі отырған Конституциялық реформаны қолдауға қатысты Сыр халқына өз Үндеуін жариялады, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастырумен «Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының отырысы өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ және ҚХА өкілдері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатыстып, Елбасы Н.Назарбаевтыӊ билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді бөлуге қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуіне орай елімізде жүргізілетін Конституциялық реформаның саяси және тарихи маңыздылығын талқылады.
Кеңес отырысын ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев алдымен Елбасының сарабдал саясаты нәтижесінде еліміздің бүгінгі жетістіктерін жан-жақты баяндап, бүгінгі күні тарихи билік тармақтарының арасында өкілеттіктерді бөлуге қатысты елімізде жүргізілетін Конституциялық реформаның және Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Елбасының Қазақстан халына Жолдауы бүкіл әлемнің назарын Қазақстанға аудартып отырғандығын жеткізді. Сондай-ақ жиылғандарды Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға және Елбасы Үндеуін қолдауға шақырды.
Кеңес отырысында коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыңдалды. Мақсат ортақ, Мемлекет басшысының Конституция кепілі ретінде қабылдаған жаңа тарихи шешімін қолдау, қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономиканың қарқынды дамуына бірлесе үлес қосу.
Жиын қорытындысы бойынша аймақтық коалиция өкілдері Сыр өңірінің тұрғындарына Еліміздің Тұңғыш Президентінің көшбасшылығы және жалпы әлемдегі мықты, табысты мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанды құрудағы президенттілік институтының тарихи маңызы, Қазақстан Президентінің саяси жүйені одан әрі демократияландыру үшін мемлекеттік билік тараптары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру, еліміздің әлемдегі 30 жетекші мемлекеттің қатарына кіру бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу бағытында ұсынылып отырған реформасының маңыздылығы паш етілген Үндеу қабылдады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2017 г. 434 0