Универсиададағы медаль саны: Қазақстанда 10 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль. Жарыстың сегізінші күнінен кейін Қазақстан жалпы медаль саны бойынша екінші орында келе жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz.
Универсиаданың сегізінші жарыс күні Қазақстан қоржынына үш күміс және бір қола медаль түсті. Спортшыларымыз бұл күні командалық эстафетадағы шаңғымен жарыс және шорт-тректен көзге түсті. Нәтижесінде, бізде 10 алтын, 6 күміс және 11 қол медаль бар.