
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы кәсіпкерлікті қолдауға және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1,7 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде:
Жалпы кредиттік портфелі 29,1 млрд теңгені құрайтын 401 жоба (субсидиялаудың қолданыстағы келісімшарты бойынша 319 жоба, субсидиялаудың жаңа келісімшарты бойынша 82 жоба) 1,3 млрд теңге субсидия алса, сондай-ақ шағын және орта бизнестің 48 субъектісі жалпы құны 170 млн теңгеге қосымша кепілдік алу мүмкіндігін пайдаланды.
Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендері мен ауылдық округтерінің микробизнестің 21 субъектісі жалпы құны 19 млн теңгеге қайтарымсыз гранттар алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының өңірде жүзеге асуы барысында 2016 жылы алғаш рет шағын кәсіпкерлік субъектілерін «шағын несиелендіру» бағыты жүзеге асырылды. 200 млн теңгенің шағын несиелері Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендері мен ауылдық округтерінің 47 кәсіпкерлік субъектісіне ұсынылды.
Оған қоса, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты «Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» аясында Қызылорда қаласының индустриялық аймағында инфрақұрылымды дамыту мақсатында қуаттылығы 35/10 кВт болатын трансформатор орнатылды және 4 шақырымдық ВЛ-35 кВт электр желісі мен 14,7 шақырым жоғары қысымдағы газ құбыры салынып, Қызылорда АГТС-2 кеңейтілді.
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп 2016 жылы «Микробизнес-Қызылорда» пилоттық жобасын бастады. Бір жылда 774 млн теңгенің 124 жобасы іске асырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Негізгі акцент – жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдалану, олардың базасында ет және сүт бағытындағы ауылшаруашылық кооперативтерін дамыту.
Екі жылда Өңірлік инвестициялық орталық арқылы елді мекендерден түскен 184 жоба 1 млрд теңгеден астам қаражатпен қаржыландырылды. Олардың басым көпшілігі (70 пайызы) – кәсіпкерлікті енді бастағандар. Нәтижесінде, елді мекендерде 650-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.
«Даму-Аймақтар» бағдарламасы шеңберінде құны 1,5 млрд теңге тұратын 48 жоба несиелендірілді. «Байқоңыр-Инвест» VII Инвестициялық форумында облыс әкімдігі мен «Даму» КДҚ» АҚ арасындағы келісіміне сәйкес, оның 500 млн теңгесі облыстық бюджеттен және 1 млрд теңгесі «Даму» қорынан бөлінді.