Өңірде еңбек нарығы тұрақты

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақовтың және қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындарының қатысуымен жалақыға қарыз мекемелерден жұмысшылардың еңбекақыларын өндіру және жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналған қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тыңдауды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов ашып, жүргізіп отырды. 
Жиында облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов күн тәртібіндегі мәселеге байланысты атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Елбасының жуырда жариялаған Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын, оның ішінде әлеуметтік саланың жаңалықтарымен бөлісіп, алға қойған міндеттерді түсіндірді. 
Мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы 11206 жаңа жұмыс орыны құрылса, оның 9873-і тұрақты. Өткен жылдың аяғында жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға азайған. Жұмыспен қамтылған халық саны 5,6 пайызға, жалдамалы жұмыскерлер саны 2,5 пайызға артты. 
–Мұндай нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуге «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы мен облыстағы экономикалық өсімнің әсері ерекше болды, – деп атап өтті Қ.Ысқақов.

Айнұр БАТТАЛОВА.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2017 г. 585 0