100-ге жуық жоба субсидияланады

100-ге жуық жоба субсидияланады«Даму» қорының облыстағы филиалы биыл 100-ге жуық жобаға субсидиялауды, бұған қоса тағы 50 жобаны кепілдендіруді жоспарлап отыр. Қордың мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы өткен жылы облыстағы 120 ауылдық округке барып, ауыл тұрғындарына 2152 қызмет көрсеткен.
Ал, «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 30 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерге қолдау көрсетілді. «Жұлдыздарға қара» байқауына қатысқан мүмкіндігі шектеулі 4 кәсіпкер  өз бизнес-жобаларын жүзеге асыруға қайтарымсыз грант иеленді. Сондай-ақ, «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту» оқыту семинары ұйымдастырылды. 
Аймақтың 16 топ-менеджері «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компоненті бойынша Назарбаев Университетінде тегін оқыту курсынан өтті. Кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтар үшін «Жаңа ашылған бизнесті қолдау» және «Студент жастардың кәсіпкерлік әлеуетін қолдау» атты оқыту жобалары жүрді. Онда 194 адам оқудан өтсе, 37 қатысушы «ЖК» және «ЖШС» ретінде тіркеліп, 28 субъекті екінші деңгейлі банктер  мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арқылы қаржыландыруға қол жеткізді. «Студент жастардың кәсіпкерлік әлеуетін қолдау» жобасына қатысушылар арасында «Сәтті қадам» байқауы  ұйымдастырылып, оның жеңімпаздарына  бизнес-жобаларын жүзеге асыруға гранттар ұсынылды.
«Даму» қорының аймақтық филиалы «ПРЭКО Кызылорда» консалтингтік компаниясымен бірлесіп өңір кәсіпкерлерін оқыту мақсатында «Аға эксперттер» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы Германиядан 14 сарапшы шақыртты. Әлемдік деңгейдегі тәжірибелі эксперттер қызылордалық бизнесмендерге біліктілігін арттыру, бизнесті әртараптандыру мен табыс көлемін молайту және Еуропадан құрал-жабдықтар іздеу мен оны жеткізу жолдары секілді басқа да маңызды сұрақтар бойынша өз көмегін көрсетті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2017 г. 503 0