
Алматы қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиаданы шетелден 30 мыңнан астам адам келіп тамашалап жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Halyknews.kz сайтының жазуынша, Алматыда өтіп жатқан спорт додасына шетелден барлығы 32 мыңға жуық адам келген. Олардың 3072-сі спортшылар мен аккредитация алғандар.
«Шетелдік азаматтардың құжатын рәсімдеу үшін барлық жағдай жасалған. Оларға ыңғайла болу үшін әуежайда, жарысқа қатысатын командалар тұрып жатқан қонақүйлерде, Атлетика қыстағында көші-қон полициясының уақытша бекеттері ұйымдастырылды», - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.
Бұған дейін байрақты бәсекеге шетелден небәрі 2 мың адам келгені туралы хабарланған болатын.