"Ел арна" телеарнасы ашылады

"Ел арна" телеарнасы ашылады Елімізде биылғы жылдың наурыз айында жаңа «Ел арна» кинотелеарнасы іске қосылмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Наурыз мейрамы қарсаңында «Ел арна» кинотелеарнасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдерді, сериалдарды көрсететін болады», - деді министр.
Айта кетейік, жаңа телеарна «Хабар» агенттігінің құрамында болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 ақпан 2017 г. 839 0