Қазалы. Аудандағы Ақсуат ауылының тұрғындары үшін ауызсу мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып келді. Себебі, тұрғындар таза суды көлікпен тасып, құдыққа құйдырып, әлекке қалатын.
Жиырма жылдан бері таза суды тасытып ішкен ақсуаттықтар енді, бұл қиындықтан біржола құтылды. Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақбұлақ» бағдарламасына сәйкес бюджеттен қаржы бөлініп, ауылға су құбырлары тартылды, әр үй жүйеге қосылды. Бұл шараға аудан әкімі Бахыт Жақанов қатысты.