Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңарту

Тұрғын үй құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңарту 2016 жылы барлық қаржы көздерінен 543,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға артық.
Тек мемлекет қаржысы есебінен 2016 жылы 36 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 1864 отбасы жаңа ыңғайлы пәтерлерге ие болды.
Өткен жылдың өзінде Қызылорда қаласында бір мезетте 4115 пәтерлік 80 көппәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, бұл 2015 жылға қарағанда  2 есеге көп.
2016 жылы жеке тұрғын үй құрылысына алаңдарды дайындау бойынша жұмыстар кеңінен жүргізілді. Бұл мақсаттарға өткен жылы 17 млрд теңге бағытталды. Әсіресе, оның 5 млрд теңгесі көп жылдардан бері алғашқы рет облыстың аудандарына бағытталды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын кеңінен жүргізу тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуына ықпал етпек.
Мәселен,  2016 жылы облыс орталығында 980 гектар алаңда «Бәйтерек» жаңа шағын ауданы құрылды.
Оған қоса, тағы «Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойындағы 150 гектар алаңға түбегейлі жоспарлау жобасы дайындалды.
Жергілікті бюджет есебінен кезең-кезеңімен апаттық жағдайдағы көпқабатты үйлердің мәселесі шешілуде. 2016 жылы апаттық жағдайдағы үйлерде тұратын 324 отбасы жаңа үйлерден пәтерлер алды. Осылайша, бүгінгі күні апаттық жағдайдағы пәтерлердің 60 пайызынан астамының мәселесі шешілді. 2017 жылы бұл жұмыстар бюджет мүмкіншілігіне қарай жалғасатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2017 г. 1 722 0