
2016 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 79 млрд. теңгені құрады немесе өсім 7,3% болды. Салаға тартылған инвестиция 2,3 есеге артып, 3,8 млрд теңгені құрады.
Аграрлық саланы мемлекеттік қолдау мақсатында өткен жылы 9,1 млрд теңге бөлінді немесе 2015 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық. Мал басының барлық түрлері бойынша өсім байқалады. Мүйізді ірі қара саны 0,4%, қой мен ешкі 8,4%, жылқы 0,8%, түйе 3,2%-ға көбейді. Ет өндіру (тірілей салмақта) 3,6%-ға, сүт 1,1%, жұмыртқа 0,9%-ға артты.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір жыл ішінде 746 фермерлік шаруашылықтарды біріктіру жолымен 133 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.