Депутаттар елмен дидарласты

Депутаттар елмен дидарластыҚорқыт ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының облыс тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Кездесуге облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалының белсенділері, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты.
Жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Мұхамедов Елбасы жариялаған екі маңызды құжаттың құндылығына тоқталды. Елбасы ұсынысымен нарықтық экономика қағидаларына негізделген мүлдем жаңа сипатты мемлекет құрғанымызды, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асырып, жаңа Елорда салғанымызды атап өтті.
Сондай-ақ, конституциялық реформаны кең түрде ҚР Парламенті депутаттары Н.Жұмаділдаева, М.Айсина, М.Махамбетов, А.Смағұлов, А.Ералиев талқыға салды. Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған халық қалаулысы Н.Жұмаділдаева IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту жолындағы жұмыстарды жандандыру, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесіне тоқталды.
Мұнан соң, депутаттар Қызылорда теміржол клубында теміржолшылармен жүздесті. Онда да көптеген мәселе талқыға салынып, аймақ тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, нақты жауабы берілді. Алдағы уақытта, халық қалаулылары 10 ақпанға дейін қала, аудандарды аралап, тұрғындар және түрлі сала мамандарымен кездесулер өткізбек.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2017 г. 561 0