Кәсіпкерлер Әкімшілік кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылайды

Кәсіпкерлер Әкімшілік кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылайдыЕртең «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында  "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодеске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланады, - деп хабарлады "Қазақпарат". 
Шараға аккредиттелген қауымдастық өкілдері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен Парламент Мәжілісінің депутаттары және ғалымдар қатысады. Аталған шараның негізгі мақсаты «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар жайлы Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жайлы» заң жобасының қағидаларын талқылау. Бұл өзгерістер кодекс қағидаларын ізгілендіруге және бизнес өкілдері мен азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталған. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2017 г. 510 0