Жаңа кезеңің батыл қадамы

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру бойынша идеологиялық актив кездесуін өткізді. Топ құрамында халық қалаулары – Майра Айсина, Мансұрхан Махамбетов, Асылбек Смағұлов, Наталья Жұмаділдаева және Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевтер болды.
Жиынға ауданы әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, шаруа қожалықтары басшылары, білім, денсаулық саласы және құқық қорғау саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу отырыстарын аудан әкімдері Қ.Сәрсенбаев пен Ғалым Әміреев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіне қойылған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтар күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халықына арналған Жолдауынан туындайтын міндеттер түсіндірілді. Хабарлама жасаушылар мен шығып сөйлеушілердің пікірлері бір арнада тоғысып, Елбасының қазіргі кезде әлемде болып жатқан саяси оқиғалар мен болып жатқан дағдарыстың алдын алу үшін осындай қадамға барып отырғандығын айтты. Сондай-ақ, Жолдауда белгіленген басымдылықтарға тоқталып, маңыздылығын атап өтті.
 Н.НАЗЫМХАНҰЛЫ.
Шиелі, Жаңақорған аудандары. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 ақпан 2017 г. 443 0