Қазалыда 137 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтеді

Қазалыда 137 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтедіҚазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Р.Жанқожаевтың басшылығымен семинар-кеңес болып өтті. Онда мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу туралы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы Қ.Әбубәкірұлы баяндаса, қызметтік деректер қауіпсіздігін сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу және ішкі талдау мәселелері жайлы мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы М.Қайруллаев хабарлама жасады.
2017 жылдың І жартыжылдығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарланып отыр.Аттестаттау бағалау парақтарын толтыру, құзыреттерді бағалау  бойынша тестілеу, аттестаттау комиссиясында әңгімелесу кезеңінен тұрады. Аудан бойынша 2-ші және 3-ші деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің 137-сі тестілеуден өтеді. Тестілеуге 6-16 ақпан және 1 наурыз бен 11 сәуір аралығында екінші деңгейдегілерден 31 мемлекеттік қызметшіқатысады. Ал үшінші деңгейдегі қызметкерлерге аттестациялау 15, 16, 20 наурыз күндері мен 17-21 сәуір аралығына белгіленген. Әр деңгейде өз аттестаттау комиссиялары құрылады. Аталған комиссияның қабылдаған шешімі мемлекеттік қызметшінің лауазымын жоғарылату немесе төмендету және оны жұмыстан шығаруға негіз болады.  
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2017 г. 747 0