Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар

Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль барАлатау баурайында Универсиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жетінші күннің қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шығып, топ жарған спортшыларға құрмет көрсетілді. Жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаздардың арасында еліміздің мақтаныштары да бар.
Кеше отандастарымыз биатлон мен шорт-тректен сәтті өнер көрсетті. Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытов пен Антон Пантов аралас эстафетада қоржынға күміс салды. Ал Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен қола еншіледі. Осылайша, Қазақстан құрамасында 23 медаль бар. Оның 10-ы алтын, үшеуі күміс тағы 10-ы қола. Жалпы есепте әзірге Ресей көш бастап тұр. Қазақстан құрамасы екінші келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 ақпан 2017 г. 493 0