Ынтымақтастық орнаған ел

 Ынтымақтастық орнаған елӨңірлік коммуникация қызметінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілетті қайта құру мәселелері жөніндегі Үндеуіне талқылауға «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесінің директоры У.Ибраев, «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Г.Щербакова және түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.Гейдарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

– Ел Тәуелсездігінің 25 жылдығында біз өзіміздің қалыптасу өзгерістерді бағамдап, дүние жүзіне әлем мемлекеттерімен тең дәрежедегі үлкен мемлекетке айналдық. Ол – мемлекет басшысының байыпты саясатының жемісі. Өздеріңізге белгілі, тоқсаныншы жылдардың ортасында әлі экономикалық жағдайы қалыптаса қоймаған мемлекетке сыртқы көзқарастан, сыртқы саяси тұлғалар мен мемлекеттердің тарапынан біздің болашағымызға күмәнмен қараған еді. Өйткені 140-қа жуық этнос өкілдерінің басын біріктіріп отырған, сонымен қатар географиялық ауқымы жағынан әлемде 9 орын алып отырғанмен халқының саны 16-17 млн болып отырған мемлекет қалайша өзінің болашағын бағамдай алады деген сауалдар туындады?! Мінекей, қазір экономикалық өсімнің нәтижесінде қазақстандықтар оңы мен солын таныды. Енді мемлекет басшысы атап өткендей, 25 жыл тұрақты дамудан кейін саяси реформаларға жол беретін уақыт келді. Үндеудің басты мақсаты не? Бұл қоғамдағы процестерге әрбір билік тармақтарының жеке жауапкершілігін нақтылау және күшейту, – деді У.Ибраев.

– Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін бүкіл қазақстандықтардың қатысуымен жүзеге асатын жаңа реформасын жарқын болашаққа жасап отырған баянды қадамы ретінде бағалаймын. Еліміз жақында ғана өзінің 25 жылдығын атап өтті. Осы ширек ғасырда мемлекет экономикасы дамыған елдердің қатарына қосылды. Сондықтан бүгінде тұрақтылық, бейбітшілік, ынтымақтастық орнаған мемлекетке айналды, – деді Г.Щербакова.

Брифинг барысында сонымен қатар түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.Гейдарова өзінің пікірін білдірді.

 

Шынар БЕКБАН.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2017 г. 402 0