
Қызылорда облыстық прокуратурасының ұжымы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылады.
Отырысты ашқан облыс прокуроры Х.Дәуешов стратегиялық құжатта белгіленген басымдықтар алдағы уақытта нақты мақсаттарды айқындауға мүмкіндік беріп, сонымен қатар мемлекеттік маңызды бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмылдыратынын атап өтті.
Басқарма бастығы Нұрлан Қалиев жиынға қатысушыларға стратегиялық құжаттың бес негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; макроэкономикалық тұрақтылық; институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты түсіндірді.
Жиналысқа қатысушылармен Жолдаудағы прокуратура органдарының қадағалау қызметімен, сонымен қатар салық саясатын жетілдіру, үш тілді оқуға кезең-кезеңімен енгізу, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту, діни экстремизм мен терроризмді, сыбайлас жемқорлықты насихаттаудың алдын алу мәселелері сөз болды.
Облыстық прокуратура органдарымен жүргізілген Жолдаудың негізгі тарауларын түсіндіру жұмыстары арқылы өңір тұрғындарының маңызды құжаттың мазмұнымен танысуға кең мүмкіндік береді.
Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі