
Могулшы Дмитрий Рейхерд Қазақстан құрамасының қоржынына 8-ші алтын салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Шымбұлақ тау-шаңғы шипажайында ерлер арасындағы параллельді могулден сайыс мәресіне жетті. Бұл жарыста қазақстандық Дмитрий Рейхерд жеңіске жетті. Бұл оның Алматыда өтіп жатқан Универсиададағы екінші алтын медалі. Сонымен қатар, бұл қашықтықта отандасымыз Павел Колмаков қола медальға қол жеткізді. Еске сала кетейік, Дмитрий Рейхерд кеше Қазақстан қоржынына 5-ші алтынды салған болатын. Сонымен, қазіргі есеп бойынша, Қазақстан құрамасы қоржынында 8 алтын, 2 күміс, 8 қола бар.