Бір жылда 38 мүгедек тұрақты жұмыс тапты

Бір жылда 38 мүгедек тұрақты жұмыс таптыӨткен жылы Қазалы ауданында 77 мүгедек жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, одан 38 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 21-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 7-і жастар практикасына, 2-і әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді. 
Сонымен қатар, мал шаруашылығымен айналысу үшін 6 мүгедек, жүк тасымалы бойынша 1 мүгедек несие алып, 1 мүгедек кәсіптік оқуға жіберілді.
Жазасын өтеп келгендер мен пробация қызметінің есебінде тұрған 26 адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Оның 6-ы ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, 16 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 1 адам өз бетінше жұмыс жасаса, 3 адам несие алуға өтініш берді. 
«Өрлеу» жобасына 2,9 млн. теңге қаржы қаралып, 9 отбасындағы 62 адамға 1,6 млн. теңге шартты ақшалай көмек төленді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 ақпан 2017 г. 719 0