
WhatsApp мессенджері қызметкерлері жіберіліп қойған хабарламаны өшіру және түзету функцияларын дайындауда. Дегенмен, бұл қызметтер тек хабарламаны екінші жақ оқымай тұрған кезде ғана жүзеге асырылады, деп жазады Mashable.
WhatsApp-та оқылмаған хабарлама сұрмен, оқылғандар көкпен белгіленеді. Егер қолданушы «сөзіңізді қайтып алғысы» келсе, хабарлама орнына «хабарлама қайтарылып алынды» деген жазу шығады.
WhatsApp-тың сынақтан өткізіп жатқан тағы бір функциясы — Instagram мен «ВКонтакте» желісіндегі секілді сурет жоғары жағында тұрады.
Сонымен қатар, мессенджердің бета-нұсқасында қолданушының геоорналасуын жұртпен бөлісу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.