
Димаш Құдайбергеновтың жанкүйерлері Инстаграм желісін фан-суреттермен толтырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қытайдың танымал «Singer» телешоуына қатысқаннан кейін қазақстандық әнші, «Славян базары» конкурсының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов Аспан асты елінде жанкүйерлер санын арттырды.
Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың орындалуы қиын әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін шырқап көрермендерді тәнті етті. Алғашқы эфирден кейін оның Sina Weibo әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жеткен болатын. 28 қаңтар күні өткен екінші кезеңінде ресейлік Витастың «Опера №2» әнін орындап, қос сайыста жеңіске жетті.
Сонымен қатар, әншіге тек қытайлық жанкүйерлері ғана емес, сондай-ақ қазақстандық табынушылар да қолдау көрсетуде.