
Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарының 2 ақпан күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медальмен екінші орынға орналасты.
Бірінші орында 14 алтын, 13 күміс және 6 қола медаль еншілеген Ресей құрамасы тұр. Ал үшінші орынға 3 алтын және 1 күміс, 1 қолаға қол жеткізген француздықтар жайғасты. Ал бүгін, 3 ақпанда, жарыс жолына мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның көшбасшысы Денис Тен шығады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері сағат 14.50-де өнер көрсетеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат».