
Бүгін
өңірлік коммуникация орталығында техникалық
реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
басшысы Ерқанат Кеулімжаев 2016 жылдың қорытындысы бойынша брифинг
өткізді.
Брифинг барысында Е.Кеулімжаев департаментке берілген
мемлекеттік бақылау саласындағы қызметтер мемлекеттік метрологиялық
бақылау жүргізу, мемлекеттік рәміздер лицензиаттары жұмысын бақылау,
тауарлардың шығу тегі сертификаттарын беру саласындағы қызметін бақылау,
аккредиттелген сәйкестікті растау органдары, сынақ зертханалары мен
салыстырып тексеру зертханалары мен қызметтерін бақылау секілді
бағыттары бойынша жүргізетінін айтып өтті.
– Өткен жылы департамент
барлығы 51 іріктеу тексерулерін жүргізді. Оның 36-да заңбұзушылықтар
анықталып бұл барлық тексерулердің 70,6 пайызын құрады. Тексерудің
нәтижесімен 37 әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралып, барлығы 5260080
теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынды. Тексерулер қорытындысы
бойынша қолдануға жарамсыз 395 дана өлшем құралдарын пайдалануға тыйым
салу жөнінде 36 ұйғарымдар берілді, – деді ол.