«Кальцийлендірілген сода өндіру» жобасы жүйелі жүруде

«Кальцийлендірілген сода өндіру» жобасы жүйелі жүрудеИндустрияландырудың екінші кезеңі бойынша былтыр Арал ауданында 3 жоба іске қосылды. Бұл туралы аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
3 жобаның бірі - «Аралтұз» кәсіпорны жанынан ашылған заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс орны. Сонымен бірге «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің құны 30,8 млн. теңгені құрайтын «Күйдірілген кірпіш өндірісі» жобасы және «Берекет» шаруа қожалығының 38,3 млн. теңгенің «Ет және ет өнімдерін өндіру цехын салу» жобасы іске қосылып, барлығы 241 адам жұмыспен қамтылды. 
Бұдан бөлек, республикалық индустрияландыру картасына енген «Арал Сода» ЖШС-нің «Кальцийлендірілген сода өндіру» жобасы жүйелі жүруде. 
– Бұл шыны өндірісіне қажетті маңызды компоненттердің бірі болмақ. Сондықтан аудан үшін де, аймақ үшін де маңызы зор тағы бір ірі кәсіпорын бой көтереді деген сөз, - деді М.Оразбаев.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2017 г. 898 0