Қазалының қауын-қарбызы Ресейге экспортталады

Қазалының қауын-қарбызы Ресейге экспортталадыБиылғы жылы бау-бақша өнімдерін егу жұмысы жанданады, деп мәлімдеді Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді, - деп хабарлады "Қазалы" газетінің тілшісі.
«Қазіргі таңда қала, кент, ауылдық округтерде бау-бақша, көкөніс өнімдерімен айналысатын кооперативтер құрылуда. Құрылған кооперативтерге жерді қоршау, жерді өңдеу, аяқ су жеткізу жұмыстарына қолдау көрсетілетін болады. Бұл үшін бюджеттен бақшалық жерлерді қоршау жұмыстарына қажетті материалдар сатып алуға 18,0 млн теңге, қажетті техникалармен қамтамасыз етуге 60,0 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні бау-бақша өнімдерін шаруашылық негізде егу мақсатында аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде», - деді Нажмадин Шәкизадаұлы. 
Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта жаңадан құрылатын ауылшаруашылығы саласы өндірістік кооперативі кәсіпкерлерден бау-бақша өнімдерін тиімді бағада сатып алып, Ресей Федерациясы мен Ақтөбе облысына экспорттайтын болады.
«Бұл мақсатта өндірілген бау-бақша өнімдерін сыртқа экспорттау үшін арнайы делегация Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында және Ақтөбе қаласында іссапарда болып, нәтижесінде Қазалы ауданы әкімдігі мен Қазақстандық тауарларды көтерме сауда орталығында өткізетін «Kaz-Food» компаниясымен, Ресейлік «Скайленд-94» жабық акционерлік қоғамымен, Ақтөбе облысының Хромтау, Әйтеке би, Қарғалы, Қобда, Шалқар, Ырғыз, Мұғалжар ауданы әкімдерімен жергілікті өнімдерді өткізу жөнінде меморандумдарға қол қойылды», - деп атап өтті аудан басшысы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2017 г. 527 0